Алматыда көпқабатты үй өртенді

Фото: видеодан скрин

Бүгін таңертең Алматы қаласының Әуезов ауданында, Ақсай-1А шағынауданында орналасқан тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды  AstanaTV.

Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.

ТЖД құтқарушылары автосаты, құтқару қалпақтары және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Сонымен қатар 40 адам эвакуацияланды.

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.