Азиада-2026: Жоламан Биғабыл ақтық сынға шықты

Фото: Арлан Олжабай

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ақтық бәсекесіне жолдама алды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Биғабыл жартылай финалда индонезиялық Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.

Бұған дейін Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта Дина Мостафаны (Сауд Арабиясы) 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.