«Қайтадан» фильмі Швецияда көрсетілді

Швеция астанасында Азия кинофестивалі аясында қазақстандық режиссер Думан Еркімбектің «Қайтадан» фильмі көрсетілді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Көрсетілім Қазақстанның Швециядағы Елшілігі мен «Достар» қазақ мәдени бірлестігінің қолдауымен
ұйымдастырылды.Іс-шара швед көрермендерін заманауи қазақ киносымен таныстыруға және Қазақстан мен Швеция арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталды.

Бұл кездесу кино туралы пікір алмасуға және бейресми қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

«Қайтадан» фильмі бір күнді қайта-қайта бастан өткеріп, ауылын және отбасын апаттан құтқаруға ұмтылған жасөспірімнің оқиғасын баяндайды. Картина
жауапкершілік, таңдау және жастардың қоғамдағы өзгерістерге ықпалы тақырыптарын қозғайды. Фильм қазақ тілінде, ағылшын тіліндегі субтитрлермен
ұсынылды.

Көрсетілімнен кейін «Қайтадан» фильмі мен заманауи қазақ киносына арналған пікірталас өтті. Кездесу көрермендерге туындыда көтерілген мәселелерді талқылап, Қазақстан кинематографиясын жақынырақ тануға мүмкіндік берді.

«Достар» бірлестігінің көрсетілімді ұйымдастыруға атсалысуы Швециядағы қазақ қауымдастығының ұлттық мәдениетті танытуға және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан үлесінің бір көрінісі болды.