Талдықорған қаласында түнде ер адамдар арасында болған төбелес әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды AstanaTV.
Бұған қатысты Жетісу облыстық Полиция департаменті ресми пікір білдірді.
«Аталған дерек бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралар кешені жүргізілуде», – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.