Шығыс Қазақстандағы Өскемен-Рахман қайнары тас жолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды AstanaTV.
Апат тас жолдың 48-ші шақырымында болды. Toyota, Chevrolet және Subaru көліктері бір-бірімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota көлігіндегі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Басқалары ауруханаларға жеткізілді.
Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр.
Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етуге болмайтынын атап өтті.