Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бұрынғы әйелінің үйіне қайта-қайта барып, жанжал шығарған 62 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды  AstanaTV.

"Ер адам бірнеше рет жанжал шығарып, отбасы мүшелерін қорқытқан және мүмкіндігі шектеулі әйелге күш қолданған", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда ол нұсқаманың талаптарын қайтадан бұзған.

Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы кесілді.