Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар құтқарылды

Фото: ТЖМ

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірі өртенді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Пәтердегі жеке заттар мен жиһаздар жанып, өрт аумағы 7 шаршы метр.

ТЖД құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен құтқарып алды. Сонымен қатар қауіпті аймақтан 31 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен сөндірілді.  Зардап шеккендер жоқ.