Глеб Коваленя финалға жолдама алды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2026
ҰОК

Қазақстандық спортшы Глеб Коваленя Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды AstanaTV.

Отандасымыз 50 метрге еркін стильде жүзуден іріктеу кезеңінде сынға түсті.

Глеб қашықтықты 22.34 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте 9-орынмен финалға өтті.

Ал Әділбек Мусин 22.83 уақыт нәтижесімен 18-орынға жайғасып, іріктеу кезеңінен өте алмады.