Алматы облысында көлік қағып кеткен бала көз жұмды

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2026

Қонаев қаласында көлік қағып кеткен бала көз жұмды. Полиция ақпаратынша, күдікті-22 жастағы жігіт. Hyundai көлігімен жол  бойында кетіп бара жатқан баланы басып кеткен. Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар қаладағы кейбір көшелерде талапқа сай тротуар мен балалар алаңдарының жоқ екенін  әлеуметтік желіде  жарыса жазуда.