Жетінші орын үшін бақ сынайды

ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 5-8-орындар үшін бақ сынады

Отандастарымыз Қытайлық Тайбэй құрамасымен кездесті, - деп хабарлайды  AstanaTV.

Алғашқы екі партияда қарсылас команда 25:21, 25:23 есебімен басым түсті. Алайда кейін Қазақстан құрамасы ойын барысын өзгертіп, үшінші және төртінші партияларда 25:22, 27:25 есебімен жеңіске жетті.

Матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда Қытайлық Тайбэй 15:10 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің жалпы есебі – 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жетінші орын үшін Вьетнамға қарсы ойнайды.

Матч 22 қыркүйекте өтеді.