Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық жобаларға 67 млрд теңгеден астам қаражат жұмсайды

Атырау мұнай өңдеу зауыты соңғы 5 жылда кәсіпорынның табиғат қорғау шараларына 51 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған. Нәтижесінде қоршаған ортаға шығарындылар 37 пайызға азайған. Алдағы 5 жылда экологиялық жобаларға жұмсалатын қаржыны 67 млрд теңгеге арттырмақ. Зауыттың жаңадан тағайындалған директоры Мұратжан Мұсайбеков журналистер мен аймақ белсенділеріне брифинг  өткізіп,  өндірістің қоршаған ортаға әсерін  азайту мақсатындағы жобалармен  таныстырды.

Соңғы 23 жылда 3 ірі модернизациядан өткен Атырау мұнай өңдеу зауытыныңшикізат өңдеу қуаты жылына 2,3 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға дейін артты.  Жаңғыртудың нәтижесінде кәсіпорынК4 экологиялық санатына жататынотын өндіруге көшті. Оның құрамындағы күкірт пен бензолдыңмөлшері айтарлықтай төмен. Зауыт директоры аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты тұрғындардың алаңдаушылығын түсінетінін және қоғаммен ашық диалогқаәрдайым дайын екенін айтты.

МҰРАТЖАН МУСАЙБЕКОВ, «АМӨЗ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Зауыт пен жалпы «ҚазМұнайГаз» компаниясыэкологиялықкүнтәртібінеерекше көңілбөледі. Біз өзімізді халықүніне құлақ асатын зауыт, халықүніне құлақ асатын мемлекет ретінде көрсетеміз. Дегенмен Атырау облысының барлық экологиялық мәселелерін мұнайөңдеу зауытына жаба салуға болмайды деп есептеймін. Әрине, біз ашықпыз, диалогқа дайынбыз.

Брифингте зауыттың экологиялық жобалары да таныстырылды. Кәсіпорын 2030 жылдың аяғына дейін табиғат қорғау шараларына 67 млрд теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оның ішінде резервуарларға понтондар орнату,алау газдарын қайтару блогын салу, пештерді жаңартусекілді ірі жобалар бар. Зауытқа жақын орналасқан аумақтардағы тұрғын үйлерді көшіру бойынша жұмыстар да қарқынды жүруде.

АРМАН ДИМҰҚАШЕВ, «АМӨЗ» ЖСШ  ЕҢБЕКТІ, ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Кәсіпорынның санитарлық қорғау аймағы бұрын 805гектар болса, қазір 963 гектар. Яғни 15 пайызға  артты. Экологиялық заңнаманың өзгеруіне байланысты аумақ көлемі нақтыланып, қайта есептеу жүргізілді. Нәтижесіндеонда орналасқан үйлер  көшіруге жатады деп танылды. Тұрғындарды көшіруге байлансты әкімдік, зауыт және Қазмұнайгаз  арасында  үшжақты мемарандумға қол қойылды. Шамамен 120 үй көшіруге жатады.

Айта кетейік, зауыттың ауқымды «Тазалық» экологиялық жобасы аясында тазарту қондырғылары толықтай жаңартылды. Осылайша булану алаңдарының  кәсіпорынға тиесілі бөлігіне жіберілетін ағынды сулар құрамындағы мұнай өнімдерінің мөлшері үш есе азайды. Қазір су айдыны еліміздің Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін құстардың мекеніне айналған.