Азиада-2026: Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Жапонияға жол берді

ҰОК

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті кездесуін өткізді, - деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстандық су добы шеберлері Жапония құрамасымен кездесті. Ойын 25:10 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, турнирдегі алғашқы матчта Қазақстан Сингапур құрамасын 12:7 есебімен жеңген болатын.

Әйелдер арасындағы су добы жарысы айналмалы жүйе бойынша өтеді. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 22 қыркүйекте Таиландқа қарсы өткізеді.