Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүруде
Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды AstanaTV.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат «Шанхайский» деп аталатын көпір маңында болған. №11 бағыттағы Yutong маркалы маршруттық автобус пен ЗИЛ жүк көлігі соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен қоғамдық көлік жолаушылары ауруханаға түсті. Қазір осы факті бойынша тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.