Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысады

Ашық дереккөз

Димаш Құдайберген оқыған кітаптарымен бөліспек

«2026 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен елімізде оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» атты жаңа республикалық марафон бастау алды. Дәл осы жобаға Димаш Құдайберген қатысады, деп хабарлайды  AstanaTV.

"Мен де осы марафонға арнайы, байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысуды жөн көрдім. Соңғы уақытта оқыған кітаптарымның бірі – белгілі қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтың «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық туындысы.

Қарағанды қаласында кеншілер күніне арналған концерт қарсаңында Кәріпбек аға Күйіковпен жүздесіп, жеке кездесудің сәті түсті. Оның өмір жолы, тағдыр тауқыметіне мойымас қайсарлығы мен рухының беріктігі маған ерекше әсер қалдырды.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны жаңа кітаптарды оқуға, олардан тағылым алуға және оқығанымызды бір-бірімізбен бөлісуге себеп болсын" - деп жазды әнші.