Азиада-2026: жүзгіш Ксения Игнатова алтын жүлде үшін бақ сынайды

Фото: Никита Басов

Бүгін, 22 қыркүйекте Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүзу бәсекелері жалғасуда, деп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде сынға түсті.

Отандасымыз қашықтықты 2:14.29 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте жетінші орынға ие болды. Осылайша ол финалға жолдама алды.

Айта кетейік, финалдық сайыстар бүгін өтеді.