Жолдағы дрифт: 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Фото: ҚР ІІМ

Жыл басынан бері полиция дрифт жасаған 372 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Астанада жүргізуші 10 тәулікке, Алматыда 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Рейдтер барысында барлығы 226 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу дерегі анықталды. 5 мыңнан астам мас жүргізуші және қарсы жолаққа шығудың 4 мыңнан астам дерегі тоқтатылды.

Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рейдтерді жалғастыруда.