Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында финалға жолдама алды, деп хабарлайды AstanaTV.
Отандастарымыз 4х100 м кешенді жүзуден эстафеталық жарыста өнер көрсетті. Ұлттық құрама қашықтықты 3:38.65 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте үшінші орын алды.
Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға өткен еді.