Жол ережесін өрескел бұзатындар жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылуы мүмкін

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр, -деп хабарлайды  AstanaTV.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, айыппұлды елемейтін жүргізушілерге қатысты қосымша шаралар қажет. Ұсынылып отырған жүйе әрбір заңбұзушылық пен оның ауырлығын ескереді.

Қазіргі уақытта айыппұлды елемейтін «өрескел» құқық бұзушылар бар. Олармен күресу мақсатында «баллдық» жүйені енгізуді пысықтаудамыз. Ол әрбір заңбұзушылықты және оның ауырлығын ескереді. Айыппұлмен қатар, бірнеше мәрте және ауыр бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін 1 жылға тоқтату көзделеді. Тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгіземіз, — деді ол.