Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейту және жолдарда тәртіп орнату жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, inDrive қызметіне тапсырыс беру сервисінен рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам автокөлік алынып тасталды, өйткені оларды жолаушыларды тасымалдау үшін пайдалануға заңмен тыйым салынған, – деп хабарлайды AstanaTV.
Үкімет отырысында InDrive Қазақстан бас директоры Арай Бекембаев премьер-министр Олжас Бектеновке такси және қалааралық тасымалдағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндады.
Оның айтуынша, оң жақ рульді және қайта жабдықталған көліктер VIN-код арқылы тексеріледі. Талапқа сай келмейтіні анықталса, жүргізушінің профилі сервис ішінде бірден бұғатталады.
Одан бөлек жолдағы жүргізушілердің мінез-құлқын бақылап отыру үшін олардың жеке басын және автокөлігін анықтау мақсатында фотобақылау белсенді қолданылуда, сондай-ақ 2ГИС интеграциясы арқылы жылдамдық пен шаршауды бақылау жүйесі енгізілген. Наурыз айынан бері Safety Hub қауіпсіздік орталығы жұмыс істеп тұр, оның операторлары жүргізушілерге жылдамдықты жоғарылатқан немесе ұзақ уақыт жүргізген кезінде қоңырау шалады. Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде жылдамдықты арттыру үлесі 42%-ға төмендеді.