Үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2026
фото: Қостанай полиция департаменті

Қостанай облысында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды  AstanaTV.

Облыстық Полиция департаментінің ақпаратынша, «Қостанай – Алматы – Екатеринбург» автожолының Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылының маңында үш көлік соқтығысқан.  Апат салдарынан «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, «DAF» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдықты төмендетуге, барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген ПД хабарламасында.