Халық Кеңесінің 126 мүшесі бекітілді

Қазақстанның саяси билік жүйесіндегі жаңа институт Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Президент қол қойған жарлыққа сәйкес ұйымға 126 адам мүше болды. Өкілдік алған азаматтардың  үштен бірі - этномәдени бірлестік өкілдері. Тағы бір бөлігі - коммерциялық емес ұйымдардан. 42-сі мәслихаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері. Мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламенттің түрлі шақырылымында депутат болған бірқатар азамат тізімге іліккен.  

ШОЛПАН САЙМОВА, ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ, ЖАРИЯ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстан Халық кеңесі бұл- халықтың мүддесін білдіретін жоғарғы конституциялық-консультативті орган. Әрине, қазіргі таңда Қазақстан тарихында ондай аналог болмаған. Конституциялық деңгейге көтерілген өте мықты мемлекеттік институт. Заң шығару бастамашылығы бар орган болып табылады. Бірақ заңды қабылдау, заңды талқылау мәселелері бұның барлығы Құрылтайдың қабырғасында өзінің регламенті бойынша өткізіледі.

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы  23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.