1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады, деп хабарлайды AstanaTV.
Жаңа тәртіпке сәйкес, осы уақыт аралығында Мансап орталығының мамандары азаматтың еңбек тәжірибесін, білімін және кәсіби дағдыларын жан-жақты зерделеп, оған лайық бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланыс орнатылады.
"1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін бергенге дейін лайықты жұмыс іздеу мерзімі екі күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары азаматтың жұмыс тәжірибесін, білімі мен дағдыларын жан-жақты зерделеп, оған шынымен лайықты бос жұмыс орындарын ұсына алады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады", – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.