Оқиға Маниса провинциясының Тургутлу ауданындағы Инджи Юзмез атындағы кәсіптік-техникалық лицейдің маңында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 11 адам зардап шеккен. Екеуінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды AstanaTV.
Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полиция ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол осы мектептің 9-сынып оқушысы болуы мүмкін.