Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді

фото:  Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды  AstanaTV

Қазақстандық баскетболшылар бұл жолы Шри-Ланкаға қарсы ойнады. Матч 21:8 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін отандастарымыз Қытайға 18:12 есебімен жол берген еді.