Жел күшейіп, жаңбыр жауады: синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

фото: sterhluki.ru

Қазгидромет болжамына сәйкес елдің батысында, оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды  AstanaTV

Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады.Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. 

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі.