Екі адамды күйік шалды: Семейдегі өрт сөндірілді

Фото: ТЖМ

Семейде автожуу аумағында газгольдер жарылып, жүк көлігі мен екі үй өртенді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Семей қаласының Солтүстік ауданы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимаратында жарылыс болды. Өрт бір қабатты автожуу ғимаратына және екі жеке тұрғын үйге тараған. Оқиға салдарынан екі адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, жедел медициналық жәрдем қызметі «Зеленострой» ЖШС-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам және 30 техника жұмылдырылды. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.