Астана әуежайында 200-ден астам iPhone 18-ді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Фото: ҚР МКК

Астана әуежайында кеден қызметкерлері 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлауынша,10 жағдайдың жолы кесілген.

Жолаушылар техниканы кедендік декларация тапсырмай, жүктерінде тасымалдаған.

Тексеру барысында жолаушылардың бірінен бірден 50 смартфон табылған. Ал қолданыстағы ережелерге сәйкес, жеке пайдалану үшін бір адамға екі телефоннан артық алып өтуге рұқсат етілмейді.