Қазақстан жүзуден Азия ойындарының финалына өтті

Фото: Никита Басов

Қазақстандық жүзгіштер Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды  AstanaTV.

Ұлттық құрама 4х100 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетада іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Қазақстандық спортшылар қашықтықты 3 минут 52 секундта жүзіп өтіп, төртінші орынмен финалға шықты.

Ұлттық құрама сапында Ксения Игнатова, София Абубакирова, Әділбек Мусин және Айбат Мырзамұратов өнер көрсетуде.