Алексей Луценко рекорд жаңартып, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Фото: Владислав Семенов

Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, ойындар тарихында рекорд жаңартты, деп хабарлайды  AstanaTV.

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 7-алтын медаль түсті.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста отандасымыз Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші 4 сағат, 13 минут, 11 секунд. 

Бұл - тәжірибелі велошабандоз Алексей үшін Аичи-Нагоя 2026 ойындарындағы 2-алтын медаль. Ол бәсекенің алғашқы күні жекелей сында жеңіске жеткен. 

Қазақстан велоспорт мектебінің жарқын өкілі кәсіби карьерасында көптеген жетістікке қол жеткізді. Бұл қатарда 2012 және 2013 жылғы жастар арасындағы (U23) әлем чемпионатының қос алтыны бар. Париж-Ницца және Вуэльта Испания сынды жарыстардың кезеңінде жеңіске жеткен.