Алматыда қоқыс полигоны өртенді

фото: ТЖМ

Алматы облысы Қарасай ауданында Көксай ауылының маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс полигоны өртенді, деп хабарлайды  AstanaTV.

ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндірді. Жұмыстарды үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды.

"Құтқарушылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті. Өртті сөндіру жұмыстарын күшейту үшін оқиға орнына арнайы техника жіберілді. Негізгі күштер өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталды", – делінген хабарламада.