Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған 17 жастағы Әлихан Жәнібектің ата-анасы кінәлілердің қатаң жазалануын сұрайды

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2026

Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасындағы топтық жанжал кезінде  кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, көз жұмған. 17 жастағы Әлихан Жәнібектің ата-анасы кінәлілер қатаң жазалансын деп талап етіп отыр. Мемлекеттік айыптаушы күдіктіге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрап отыр.  Айтуынша, ол жанжалды алдын-ала жоспарлаған. 

УСМАН ОРЫНБАСАРҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 9шы және 14ші тармақтарымен кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, қылмыстық кодекстің 46-бабының 5ші бөлігінің 2ші тармағына сәйкес бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемісін белгілеуді.

Жарыссөз кезінде Әлиханның ата-анасы да сөз сөйледі. Ұлдарының болашағынан үлкен үміт күткенін айтып, көз жасын тыя алмады. Айтуларынша, айыпталушы тараптан шын көңілден кешірім сұрау да, өкініш білдіру де болмаған.

РАУАН НИЯЗМАҒАНБЕТОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Менің балам міне тура 188 күн болды, біздің осы 188 күннің ішінде көрмеген азабымыз жоқ, жыламаған күніміз жоқ. Ана үшін ең ауыры баласының 40 күндік, 100 күндік садақасын беру және соған дайындалып, баласының жоқтығына көндігу, Мен 20 жылдық бас бостандығынан айырылып моральдық материалдық шығынды толықтай өтеп беруіңізді сұраймын.