Елімізде жыл басынан бері есірткі жарнамалағандарға қатысты 74 қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі бұл қылмыс үшін жауапкершілік қатаң екенін ескертеді. Күдіктілер үш жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Заңға қайшы жарнамалар қатарына әлеуметтік желідегі хабарландырулар, мессенджерлердегі QR-кодтар және қабырғадағы граффити жазулар кіреді.
Күдіктілер көбіне жастарға оңай табыс уәде етіп, заңсыз іске тартады. Ал мән-жайлар толық анықталса, күдіктілер алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.