Алматыда ауру өршіді: төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2026

Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп, төрт бала жансақтау бөліміне түсті. Қалада маусымдық сырқаттанудың өсуіне байланысты медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 263 бала ем қабылдап жатыр. Оның 60-ында пневмония анықталған. Жансақтау бөліміндегі төрт баланың екеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сондай-ақ ересектерге арналған медициналық мекемеде де ЖРВИ диагнозымен науқастар ем қабылдап жатыр. 15 жүкті әйел бар. 5 науқас қызылшамен күресуде. Қаланың 3 станционарында төсек қорының қажетті көлемі құрылып, бөлімшелер ашылды.

ЛӘЙЛӘ ИМАНҒАЛИЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалалық клиникалық балалар ауруханасын негізгі корпуста және екі филиалында ЖРВИ және тұмаумен ауыратын балаларды емдеу үшін 360 төсекке 11 бөлімше ашылды. Қосымша 67 резервтік төсек орналастырылды. 4 қалалық перзентханада ЖРВИ және тұмаумен ауыратын жүкті әйелдерді емдеу үшін 70 төсекті бөлімше орналастырылды. Бүгінгі таңда 32 жүкті әйелем қабылдап жатыр. Пневмониямен ешқандай жүкті әйел жоқ.