Түркияда белгісіз біреу мектеп жанында көшедегі адамдарға жаппай оқ жаудырды. 8 адам жарақат алды. Ал, Түркия мен Франция басшылары Палестина мен Газа секторында іс жүзінде бейбітшілік орнамағанын айтып, өзгелерді сынға алды. Қос Президент Иордан өзенінің батыс жағалауының тәуелсіздігі үшін барлығы дауыс бергенімен, қағаз жүзінде қалғанын айтып наразылықтарын жеткізді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 81-і отырысы Жасанды Интеллект қауіпсіздігі тақырыбына арналған еді. Жыл соңында қызметінен кететін Антониу Гутерриш сөз бастап, Жасанды Интеллект адам бақылауынан шығып, бізді басқарып кетпеуіне кім кепіл деген сұрақ қойды. Өз 10 жылдық билеуіндегі Бас Ассамблеяның соңғы отырысын өткізген ұйым төрағасы ең заманауи технологияларды дамытып отырнған елдер мен компаниялардың бір жасырғаны бар деген пікір айтты.
АНТОНИУ ГУТЕРРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
Осы технологиялық революцияны жүзге асырып отырған мемлекеттер өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен ақпарат бөлісуі керек. Жетекші компаниялар өздері өткізетін сынақтардың қорытындысын да жалпыға жария етуі тиіс. Сонымен қатар, Жасанды Интеллект бақылаудан шығып, адамзатқа қарсы көтерілгенде не істейміз деген жоспар да құрған артық етпейді. Себебі, қазір екінің бірі осы технологияларды пайдаланып келеді.
Бірақ, жиын барысында Жасанды Интеллект жайында қалды. Сөз алған Түркия басшысы күллі әлем елдерін сынға алды. Режеп Тайып Ердоған Палестина мен Газа секторы халқының ауыр тұрмысы мен көріп отырған зорлық-зомбылығын біле тұра, немқұрайлы қарап отырғандар көп, - дейді.
РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
91 жыл бұрын әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы қазір өз миссиясын орындай алмай отыр. 190 ел мүше болса да, 5 мемлекеттің ғана дауыс беріп, мәселені шешу құқығы бар. Қалғандарымыз сонда тоқалдан туғанымыз ба? 2 жыл бойы Махмұд Аббас өзінің осы жердегі орнына жайғаса алмай отыр. Бұл күллі Палестина халқына жасалған әділетсіздік.
Эммануэль Макрон да Палестинаның тәуелсіздігі тақырыбын қозғады. Одан бөлек, Газа секторында соғыстың іс жүзінде тоқтамағанына кейбір мемлекеттер кінәлі деді. Бірақ, кімді меңзегенін ашып айтпады.
ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бір жыл бұрын тура осында бүкіл әлем Палестинаның тәуелсіздігін таныды. Бірақ, ол бір жапырақ қағаз болып қалды сол күйі. Шындығына келгенде Палестина жері барған сайын тар боып барады. Газа секторындағы жағдайға әсер ете алмасақ, халықты қорғай алмасақ біздің абыройымыз да түкке тұрмайды деген сөз. Кебйріеулер бейбітшілікке қол жеткідік дейді. Бірақ, осы уақытқа дейін бірде-бір гуманитарлық жүк жеткізілмеді.
Түркияда қаскөй көшеде келе жатқан адамдарға мылтықтан жаппай оқ жаудырды. Нәтижесінде 8 адам жарақат алды. Оқиға Маниса провинциясының Тұрғұтлы ауданындағы мектеп маңында болған. Күдіктіні құқық қорғау органдары көп ұзамай құрықтады.