Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялық Банкінен 6 млрд доллар алады

Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялық Банкінен 6 млрд долларалады. Құрылтай депутаттары Үкімет пен аталған қаржы ұйымының әріптестігіне келісім берді. Азия банкімен еліміз 10 жылдан бері серіктес. Ынтымақтастық аясында энергетика, денсаулық сақтау, экономикалық және фискалдық тұрақтылық салаларында жалпы құны 1,8 миллиард АҚШ доллары болатын  7 жоба жүзеге асырылды. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша,  инвестициялық банк 1-1,5 процентпен, 35 жылға дейін қарыз береді. Бұл - өте тиімді шарт. Нәтижесінде Үкімет елдегі ірі жобаларды қаржыландырып, бюджетке түсетін салмақты жеңілдетуге мүмкіндік алады.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Үкіметтің қарызы - 20 %,мемлекеттің қарызы - 20,9 %. Индикатор бойынша 32 %-дан аспауы керек. Сол себептен қазіргі уақытта жағдай өте тұрақты. Бізде әлемдегі мемлекеттік үкіметтің қарызы ең төмен елдердің арасына жатамыз.