Астанадағы Шұбар шағын ауданында тұрғын үйлерге смарт газ есептегіштер орнатылып жатыр

Астанадағы Шұбар шағын ауданы биыл газға қосылды. Жылу маусымы алдында үйлерге смарт газ есептегіштері орнатылып жатыр. Бұл бастаманы «Әділет» партиясы «ҚазГазАймақ» компаниясымен бірлесіп қолға алған. Мамандар құрылғыларды тегін орнатып қана қоймай, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірді.Ал жаңа есептеу құралы алғашқылардың бірі болып Ольга Рыжованың баспанасына қойылды.

ОЛЬГА РЫЖОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қаншама жылдан бері қиналып, бұл қуанышты сәтті зарыға күттік. Осы іске «Әділет» партиясы зор үлес қосты деп білемін. Каншама кездесулер өтті, түрлі инстанцияларға өтініш білдірдік. Тек партияның арқасында ғана мәселеміз оң шешімін тапты.

Әлеуметтік  акция аясында барлығы 500 смарт есептегіш орнатылмақ. Оған қоса, мамандар тұрғындардың үйіне арнайы барып, тиісті кеңес береді. Олар портативті компьютерлер арқылы деректерді бақылауды және құрылғыны дұрыс пайдалануды көрсетіп, үйретеді.

САНИРА ЖҮСІПОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

980 абонент қосылды, соның 620-сы қазір газге қосылды. Бүгінгі таңда «Әділет» партиясы әділ, жалғызбасты біздің қарт адамдарымызға, жылу маусымында, газдандыру мәселесінде жалғыз қалмау мақсатында және де тиімді, қауіпсіз болуы үшін осы акцияны ұйымдастырдық. Әкімшілікпен бірлесе, осы жерде аудан, Есіл ауданының инспекторы да бірлесе, осы акцияны бір ай жалғастыратын боламыз.