iPhone аламын деп, алданып қалуыңыз мүмкін

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2026

Су жаңа Айфон 18 аламын деп алаяқтарға алданып қалмаңыз. Трендтен қалмай, жаңа телефонды бірінші болып алғысы келетіндерді қылмыскерлер арзан бағамен қызықтыруда. Бас прокуратураның мәліметінше, алаяқтар Apple атынан жалған хабарлама жіберіп, смартфонға алдын ала тапсырыс берілгенін хабарлайды. Одан бас тарту үшін «қолдау қызметіне» қоңырау шалуды ұсынады. Ал көрсетілген нөмір алаяқтарға тиесілі болуы мүмкін. Олар банк картасының деректері мен басқа да құпия ақпаратты қолға түсіруге тырысады. Дәл осындай  схемалар шетелдерде де тіркеліп жатыр.