Солтүстікте үсік жүреді

фото: pixabay

24-26 қыркүйек күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды  AstanaTV.

Синоптиктер болжамынша, барлық дерлік өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Кей жерлерде тұман түседі.  Солтүстік өңірлерде 25–26 қыркүйекте 1–2°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +20…+28°С-қа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С-қа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15°С аралығында болады.