Абай облысында мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды

Polisia.kz

34 жастағы жүргізуші ұсталды

Абай облысында полицейлер мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды  AstanaTV.

Оқиға түнгі сағат 03:45 шамасында Шығыс кентінде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында күдік тудырған Toyota Carina автокөлігін байқап, оны тоқтатқан. Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер одан масаңдық белгілерін байқап, медициналық куәландырудан өткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес, 34 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені және жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Осы заң бұзушылық үшін ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.