Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды AstanaTV.
Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.
Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.
Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.