Абдурашид Абдуллаев ушудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

ҰОК

Қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев ушу-саньдадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынады, деп хабарлайды  AstanaTV.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласты.

Абдурашид финалда Иран өкілі Сохейл Мусавимен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Осылайша Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.