Көлік салонынан заңсыз ауланған 2 қабан мен аңшылық мылтық табылды

Polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулау фактісін тоқтатты, - деп хабарлайды AstanaTV.

Полицейлер мен табиғатты қорғау өкілдері жедел-профилактикалық іс-шара барысында Отырар ауданының аумағында заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары ішінде екі жергілікті тұрғыны бар ВАЗ автокөлігін тоқтатты.

Көлік салонынан заңсыз ауланған 2 қабан мен аңшылық мылтық табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Өз кезегінде полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.