Атырау облысында бейнебақылау жүйесі арқылы жыл басынан бері 178 құқық бұзушылық тіркелді

Polisia.kz

Қызылқоға ауданында бейнебақылау жүйесі арқылы жыл басынан бері 178 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды  AstanaTV.

Қызылқоға ауданында қазіргі таңда 74 бейнебақылау камерасы және 5 жылдамдық өлшегіш құрылғысы іске қосылып, Жедел басқару орталығы арқылы аудан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша полиция қызметкерлеріне тиісті бағыттамалар беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері жедел басқару орталығы арқылы ауданда 178 түрлі құқық бұзушылық анықталып, олардың әрқайсысы бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бейнебақылау жүйесі – қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралдарының бірі.