Ауыр атлет Өтепберген Әлиев Азия ойындарында бесінші орын алды

ҰОК

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады, – деп хабарлайды  AstanaTV.

Өтепберген Әлиев 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Отандасымыз жұлқа көтеруде 127 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 153 келіні бағындырды. Осылайша қоссайыс қорытындысы бойынша 280 келіні көтеріп, бесінші орын алды.

Қытайлық Ян Ян бірінші орынға ие болды - 304 (138+166) келі. Пан Ын Чхоль (Солтүстік Корея) күміс медаль алды - 301 (127+174) келі. Ал Таиланд өкілі Тхеерапонг Силачай үздік үштікті түйіндеді - 299 (126+173) келі.