Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметші суға кетті, 11-інің денесі табылды. Қалғаны іздестіріліп жатыр. Әскери-теңіз күштері оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындап жатқанда ауа райы күрт бұзылып,  сарбаздарды теңіз ағысы алып кеткен. Құтқарушылар үш әскери қызметшіні аман алып қалды, оның  біреуі ауруханаға жеткізілді.  Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, Әскери-теңіз күштері мен авиация жұмыс істеп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев Маңғыстауға жетті. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.