Ақтөбеде 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне күдікті деп танылған жігіт 9 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2026

Ақтөбеде 17 жастағы Әлихан Жәнібекті өлтірді деп айыпталушы 9 жылға сотталды. Қанды оқиға 19- наурызда Шалқарда болған. Екі топтың арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып, Әлихан жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, ажал құшқан.   Жарыссөзде прокурор айыпталушыға 8 жыл сұраса, жәбірленуші тарап бұдан да қатаң жаза тағайындауды өтінді. Сот шешімімен күдікті 18 жастағы жігіт кінәлі деп танылды. Сонымен қатар  марқұмның ата-анасына 15 миллион теңге моральдық зиян және 2 миллион теңгеден астам материалдық шығын өтейді.  Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптардың апелляциялық шағым беруге құқығы бар.