Ұлытау облысында бірнеше ауылға баратын жол жүруге жарамай қалған

Ұлытау облысында бірнеше ауылға баратын жол жүруге жарамай қалған. Тұрғындар  әлеуметтік желілер арқылы  дабыл қағуда. Айтуынша,  бұл- Сәтпаев – Сыроба тас жолы. Северный, Малшыбай секілді ауылдар мен бірнеше шахтаны жалғап тұр. Ауылдықтар кен орындарына жұмысқа әрең барады. Тас жол жылдар бойы жөнделмеген. Жұрт  ауыр техникалар онсыз да нашар трассаны құртып жатқанын айтады.

АЗАМАТ ЕРЛАНҰЛЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдар ойылып, масқара болып жатыр. Ауыл тұрғындарынан шағым түсіп жатыр. Қолынан келгенше олар жауып жатыр. Бірақ асфальт төселген жоқ. Автобус түгілі жеңіл машина өте алмайды. Негізі бұрыннан келе жатқан жол, біраз жыл болды жөнделмеген.

Аймақтың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолдың техникалық жағдайының  нашар екенін растады. Ол «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан қалпына келтірілетін болады,- дейді.

ЕРЛАН ТҮСІПОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыстық маңызы бар автомобиль жол учаскесі Сәтпаев- Малшыбай бағытындағы 022 шақырым езіп кеткен учаскалары көп терең шұңқырларды қазып, скальный грунт қиыршық тастарды салып үстіненен пгс салып сондай 7 мың шаршы метр учаске қалпына келтірілді.