"Әділет" партиясы Қостанайда инклюзивті спорт фестивалін ұйымдастырды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2026

Қостанайда «Тең мүмкіндіктер» III республикалық инклюзивті балалар спорт фестивалі өтті. «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен ұйымдастырылған шараға Қостанай қаласы мен облысының мектептерінен 100-ден астам жас спортшы қатысты.  Қатысушылар бочча, «Көңілді старттар» және жеңіл атлетикадан бақ сынады. Спорттық дода балалардың белсенділігін арттырып, олардың өз қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік берді.

ГҮЛСАРА ЖАМАНҚҰЛОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ  ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІСІ:

Жыл сайын бұл шараға жүзден астам бала қатысады. Олар спорттың әртүрлі түрлері бойынша, жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлініп жарысады. Жарыс қорытындысы бойынша балаларымыз жыл сайын республикалық фестивальге қатысады. Биыл ол қазан айының соңында Астана қаласында өтеді.