Ұшақтар мен құстардың соғысуы екі есе азайды

Астана халықаралық әуежайында әуекемелерінің құстармен соқтығысу көрсеткіші екі еседен астам төмендеді. Өткен жылдыңсәйкес кезеңінде 11 расталған дерек тіркелген. Биыл мұндай 5 жағдай болды, деп хабарлайды  AstanaTV.

Бақылау нәтижесі бойынша құстар көбінесағат 03:00–11:00 және 15:00–23:00 аралығында белсенді болады. Осы уақытта орнитологтараэродром мен оның маңын жіті бақылап, құстардың қай бағытта ұшып жүргеніне назар аударады.

Аэродром маңында көбіне шағала, қарға, көгершін, сауысқан және күйкентай кездеседі. Олардың белсенділігі маусымға, тәулік уақытына және қорек көздеріне қарай өзгеріп отырады.Соның ішінде шағалаларға ерекше назар аударылады. Күзде олар көл мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны арасында топ-тобымен ұшады. Таңертең бір бағытқа ұшса, кешке қайта оралады. Бұл бағыттардың кейбірі әуе кемелеріжүретін аймақтарға жақын орналасқан. Сол себепті орнитологтар шағалалардың күнделікті ұшу бағытын тұрақты бақылап отырады.

Құстар мен жануарларды аэродромнаналыстату үшін бірнеше тәсіл қолданылады. Мамандар «BirdGard» биоакустикалыққондырғыларын, МПО-1 механикалықүркіткіштерін, шу шығаратын тапаншаларды, аңшы сигналын, лазерлік құрылғы мен оптикалықбақылау құралдарын пайдаланады. Арнайыавтокөлік те мобильді биоакустикалық қондырғымен жабдықталған.

Алайда орнитологтардың міндеті құстарды үркітумен шектелмейді. Олар құстардың қайдан келетінін, қайда ұшатынын, бағыттарының тәулікпен маусымға қарай қалай өзгеретінін зерттейді. Құстардың жекелеп жүргені немесе үлкен топпен ұшқаны да назарға алынады. Жиналғанмәліметтер күнделікті жұмыста талданып, тиісті шараларды жоспарлауға пайдаланылады.

Орнитологтар үшін сәуір мен қазан аралығы -жұмысы қауырт кезең. Бұл уақытта құстардың белсенділігі артып, аэродром маңында жиібайқалады. Құстардың қоныс аударуы мен күнделікті қозғалысына ауа райы, маусым және қорек көздері әсер етеді. Сондықтан әуежай мамандары аэродромдағы құстарды ғана емес, оның айналасындағы өзгерістерді де назарда ұстайды. Бұл олардың ықтимал бағыттарыналдын ала анықтап, қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.