Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Ашық дереккөз

Қазақстанда Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды AstanaTV Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», – делінген ресми хабарламада. 

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығу өткізген. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметші теңізге ағып кеткен.